RU

|

KZ

Cенің дәл соғуың!

Ибупардың пайдалану көрсеткіштері

Суық тию және тұмау симптомдарын жеңілдетеді

Температураны төмендетеді

Бас, бұлшықет, тіс ауруын басады

Ауырсындыратын етеккірлерді жеңілдетеді

Cенің дәл соғуың!

Ибупарды сіз кез-келген онлайн дәріханадан
жеткізіліммен тапсырыс бере аласыз:

Ибупардың Қолдану тәсілі?

Бастапқы доза қажеттілігіне қарай 200 мг-дан 400 мг-ға дейін бір рет немесе әрбір 4 немесе 6 сағат сайын 200 мг-дан 400 мг-ға дейінді құрайды.

Ибупардың максималды дозасы?

Максималды тәуліктік доза - 1200 мг.

Ибупар мен Ибупар фортены қанша күн қабылдауға болады?

Препаратты минималды тиімді дозада және клиникалық әсерге қол жеткізу үшін ең қысқа мерзімде қабылдау керек.

Жүктілік кезінде және емшек емізу кезінде қолдану

Жүктілік: Адамдарға жүргізілген бақыланатын зерттеулердің жеткіліксіз санына байланысты дәрілік препарат жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде тек аса қажет болған жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін.

Емшек емізу: Дәрілік зат ұсынылған дозада қабылданғанда емшектегі баласына жағымсыз әсер ететіні екіталай деп саналады.

Препаратты балалар мен жасөспірімдерге қолдануға бола ма?

Препаратты қолдануға 18 жастан бастап рұқсат етіледі.

Сатып алу үшін маған дәрігердің рецепті керек пе?

Жоқ, Ибупар мен Ибупар форте дәрігердің нұсқауынсыз қол жетімді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

− ибупрофенге немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық

− өршу фазасындағы немесе анамнездегі асқазан және (немесе) он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, соның ішінде ҚҚСП (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар) қолданудан кейін басталатын тесілуі немесе қан кетуі

− айқын сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз тұтыну салдарынан)

− гемофилия және қан ұюының басқа бұзылулары (оның ішінде гипокоагуляция), геморрагиялық диатездер

− бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA - Нью-Йорк кардиологтар ассоциациясының жіктемесіне сәйкес IY ФК класс)

− ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттарды қабылдағаннан кейін қазіргі уақытта немесе анамнезде ринит, Квинке ісінуі, есекжем немесе бронх демікпесі түрінде аллергия симптомдарының болуы

− жүктіліктің үшінші триместрі − басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттарды, оның ішінде ЦОГ-2 селективті тежегіштерін (жағымсыз әсерлердің жоғары пайда болу қаупі) бір мезгілде қабылдау

− геморрагиялық диатез − 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

− тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылық, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

«Адамед Фарма» АҚ өкілдігі

Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттың сапасына тұтынушылардан шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның мекен-жайы:

A05B8Y4, Алматы қ

Бөгенбай батыр көшесі, 150 үй

«Кадам Инвест» БЦ, 9 қабат